Неврология бойынша қызметтер тізімі
Неврология бөлімшесі клиника құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Бөлімше Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінен келген науқастарды емдеуді қамтамасыз етеді. Неврологиялық аурулар бойынша жоспарлы және шұғыл көмек көрсетеді. Шұғыл жағдайда Алатау ауданына қызмет көрсетеді. Бөлім кепілдендірілген тегін медициналық көмек және МӘМС аясында қызметтер ұсынады. Бөлім жылына 1500-ден астам адамды қабылдап, емдеуден кейін шығарады.
Неврологиялық бөлімшеде емделетін негізгі патологиялар:
Дисциркуляторлық энцефалопатия;
Жедел ми қан айналымы бұзылысының салдары;
Ми мен жұлын жарақаттарының салдары;
Дорсопатия;
Эпилепсия;
Демиелинизацияланатын және тұқым қуалайтын аурулар;
Орталық және шеткі жүйке жүйесінің аурулары;
Тірек-қимыл аппаратының зақымданулары.
Бөлімше заманауи магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография, электроэнцефалография, брахиоцефалді тамырлар мен басқа УДДГ құрылғыларымен жабдықталған.
Заманауи дәрілік және дәрі-дәрмексіз емдеудің келесі әдістері кеңінен қолданылады: биологиялық кері байланыс әдісі, инемен емдеу (инерефлексотерапия); гирудотерапия; мануалды терапия; физиобальнеоемдеу; су астында тарту әдісі; гипербариялық оксигенация; плазмаферез; озонмен емдеу.
Күрделі диагностикалық және емдеу жағдайында басқа бейін мамандары, сондай-ақ қаланың өзге емдеу мекемелерінің консультанттары тартылып отырады.
Клиника базасында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 жүйке аурулары кафедрасы жұмыс істейді. Қазір бөлімше негізінде кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрысбекова Сәуле Тілеубергенқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрғожаев Еркін Смағұлұлы және доцент Митрохин Дмитрий Алексеевич қызмет атқарады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының тәжірибелік дәрігерлермен тығыз ынтымақтастығы арқасында емдеу-диагностикалық процесте заманауи диагностика мен емдеудің барлық әдісі қолданылады, медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Бөлімше дәрігерінің барлығы сертификатталған мамандар, өз саласы бойынша диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген.
Жүйке жүйесі ауруларының алдын алу – қазіргі кезеңдегі денсаулық сақтау саласының негізгі бағытының бірі. Жүйке жүйесі ауруларының таралуын азайту – Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласының басты міндеті. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мәселесі медициналық мәселеден әлеуметтік проблемаға айналды.
Неврологиялық аурудың өзектілігі мен оның асқынуын ескере отырып, бөлімше дәрігерлері мен медбикелері бөлімшеде емделушілерге ай сайын келесі тақырыптар бойынша алдын алу шаралары ретінде әңгіме жүргізіп, дәрістер өткізеді:
Жүйке жүйесі ауруларының алдын алу;
Асқыну дамуын болдырмау;
Салауатты өмір салтын ұстану;
Дұрыс тамақтану және басқа да бүгінде өзекті мәселелер.