
Сәуірдің 23-інде №1 қалалық клиникалық ауруханада орта медицина қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. Іс-шара аясында кәсіби қызметтің екі негізгі бағыты қаралды:
1. Ғимаратты санитариялық тазалау
Ағымдағы, қорытынды және күрделі тазалау ережелері талқыланды. Ерекше назар аударылған мәселелер:
– тазалаудың әр түрі бойынша әрекет ету алгоритмі;
– жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану;
– шайып тастауды қажет етпейтін дезинфекциялық құралды қолдану;
– емдеу мекемелеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау.
Жабдық, зат және т.б. бетін өңдеудің дұрыс реттігі мен тиісті құжаттамаға мәліметті тіркеудің маңызы атап өтілді.
2. Қан қызметін ұйымдастыру
Қан компоненттерімен жұмыс істеудің негізгі қыры түсіндірілді:
– сақтау ережелері (түрі мен температурасына байланысты);
– компоненттерді тасымалдау және пайдалану;
– қан құюға көрсеткіш пен рәсімді орындау техникасы;
– туындауы мүмкін асқыну (қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы және т.б.);
– пайдаланылған материалды жою ережелері.
Оқыту шаралары бекітілген кестеге сәйкес ай сайын өткізіліп тұрады. Мақсаты – кәсіби білім деңгейін арттыру және медициналық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.