Бөлімше жоспарланған хирургиялық араласудың барлық көлемі орындалады.
Лапароскопиялық холецистэктомия, ұйқы безінің псевдокисталарын және гепатодуоденалды аймақтың басқа ауруларын хирургиялық емдеу.
Бауыр мен өкпенің эхинококкэтомиясы, паразиттік емес бауыр жылауығын лапароскопиялық фенестрациясы.
Асқазан резекциясы, гастрэктомия және асқазанға басқа реконструкциялық оталар.
Өңеш ауруларын хирургиялық емдеу: кардиоспазм, ахалазиякардия, көкет өңеші саңылауының жарығы (фундопликация, соның ішінде лапароскопиялық).
Түрлі ауруларға арналған ішек оталары: аш және тоқ ішек резекциясы, тоқ ішек қатерлі ісігіне тоқ ішек лапароскопиялық резекциясы.
Шап, кіндік және вентральды жылауығына герниопластика, соның ішінде проленді тор қолдану.
Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің ауруын хирургиялық емдеу – түйінді жемсау, диффузды токсикалық жемсау.
Варикоцеле емдеу.
Айланшөпті емдеу.
Аяқтағы тері асты тамырдың варикозды кеңеюі кезіндегі сафенэктомия.
Бөлімше физиотерапия, емдік дене тәрбиесі және су процедураларының заманауи әдістерін қолдана отырып, әр түрлі жарақат бойынша жасалған отадан кейін жарақатты қалпына келтіруді жүзеге асырады.