

КУДАЙБЕРГЕНОВА АЙЖАН АРЫСТАНОВНА
ҰОС ардагерлері үшін терапия бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-терапевт, бірінші біліктілік санатты эндокринолог
Терапия бөлімшесі аурухана 1983 жылы құрылғаннан бастап жұмыс істейді. Бөлімше ҰОС ардагерлерін емдеуге арналған 28 төсек-орын терапия және гастроэнтерологияға арналған 10 төсек-орыннан тұрады әрі жеңілдігі бар контингентке: ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, еңбек майданының қатысушылары, Семей ядролық жарылыс полигоны, Ауған оқиғасының қатысушысы және мүгедектері, Кеңес Армиясы мүгедектері, Чернобыль АЭС, ҰОС жесірлері, қуғын-сүргінге ұшырағандар, «Күміс алка» және «Алтын алқа» иелері, «Желтоқсан оқиғасына» қатысқандар және гастроэнтерологиялық пациенттерге портал бойынша госпитализация бюросы арқылы ҰОС және оған теңестірілген еңбек майданының қатысушылары, Чернобыль АЭС апатын жоюшылар, Семей полигонының құрбандары, Ауған оқиғасына қатысушылар, батыр аналарға барлық терапевтік нозологиядағы шұғыл және жоспарлы стационарлық көмек көрсетеді.
- ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, инфарктан кейінгі кардиосклероз, CЖЖ)
- Артериялық гипертензия
- ӨСОА, ауруханадан тыс пневмония
- ТТА (темір тапшылықты анемия, В12 тапшылықты анемия)
- Бауыр циррозы
Гастроэнтерологиялық нозологиялар: Бауыр циррозы, созылмалы панкреатит, гепатиттер. Спецификалық емес ойық жаралы колит.
Бөлімше емделушілері зертханалық және функционалдық диагностиканың барлық заманауи түрі және клиникалық пәндер кафедрасынан кең ауқымды консультациялық көмекпен қамтамасыз етілген. Осы санаттағы науқастарды емдеу үшін бөлімше дәрігерлері мамандармен бірлесе отырып, науқастың қарт жасын және қатар жүретін аурулардың болуын ескере отырып, геронтологиялық бағалау мен терапияны енгізу сияқты жаңа тексеру әдістерін енгізіп келеді.
Бөлімше толық жабдықталған: қатты және жұмсақ инвентары бар 2 төсек-орындық палаталар, әр палатада теледидар, тоңазытқыш, жұмсақ төсек, дәретхана, гардероб, шақыру түймесі, оттегімен қамтамасыз ету, дәліз бойында ұстағыштар бар. Барлық тексеру мен қызмет үшін науқас мүгедектер арбасында медициналық қызметкердің сүйемелдеуімен тасымалданады.
Жыл сайын кардиолог орай біз ардагерлерді ауруханаға жатуға шақырамыз, соғыс ардагерлеріне, еңбек майданына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға мерекелік іс-шара өткіземіз.
Ординатор дәрігерлер:
Ордаханова Манар Скаковна – жоғары санатты терапевт, гастроэнтеролог
Айдарова Тогжан Аскаровна – дәрігер-кардиолог