№1 қалалық клиникалық ауруханаға жүгіну тәртібі

Жоспарлы емдеуге жатқызу
№1 қалалық клиникалық ауруханада жоспарлы емдеуге жатқызу емдеуші дәрігердің жолдамасы негізінде, Госпитализация бюросы порталы бойынша өтінім рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады.

Рәсімдеу тәртібі:
• Тұрғылықты жері бойынша емдеуші дәрігерге жүгіну.
• Көрсетілім болған жағдайда дәрігер емдеуге жатқызуға жолдама береді.
• Медициналық ұйым пациентті «Госпитализация бюросы» порталында тіркейді.
• Пациентке жоспарланған емдеуге жатқызу күні хабарланады.
• Белгіленген күні пациент қажетті құжаттарымен қабылдау бөліміне келеді.

Шұғыл емдеуге жатқызу
Шұғыл емдеуге жатқызу науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда тәулік бойы жүзеге асырылады.

Тәртібі:
• Жедел медициналық жәрдем бригадасымен (103) жеткізу немесе қабылдау бөліміне өздігінен жүгіну;
• МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша;
• Дәрігердің қарауы;
• Диагностикалық тексерулер жүргізу;
• Бейінді бөлімшеге емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдау.
• Шұғыл көмек құжаттардың бар-жоғына қарамастан көрсетіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін:
• жеке куәлік немесе төлқұжат;
• емдеуге жатқызуға жолдама;
• тексеру нәтижелері мен медициналық үзінді көшірмелер.
Шұғыл емдеуге жатқызу үшін:
• жеке куәлік немесе төлқұжат (болған жағдайда);
• қолда бар медициналық құжаттар.