Жазда менингиттен сақ болыңыз: қауіпті инфекцияны дер кезінде  қалай байқауға болады?

№1 қалалық клиникалық аурухананың эпидемиолог дәрігері Зүлфия Еламанова ескертеді: аптап ыстық пен табиғат аясындағы демалыс – бейқамдыққа себеп болмауы тиіс.

 

Жаз – суға шомылу, балалар лагері мен белсенді қарым-қатынастың маусымы. Дәл осы кезеңде менингит – ми мен жұлын қабықтарының қабынуы жиілей түседі. Бұл дертке әсіресе балалар мен жасөспірімдер бейім келеді, әрі көбіне оның вирустық түрімен ауырады.

Жазда қауіп неге артады?

– Ластанған су қоймаларында шомылу
– Балалар лагерьлерінде, ойын алаңдарында тығыз қарым-қатынас
– Аптап ыстықтан иммунитеттің әлсіреуі
– Гигиеналық талаптардың сақталмауы

Ескерусіз қалдыруға болмайтын белгілер:
– Кенеттен басталған қатты бас ауруы
– Жағдайды жеңілдетпейтін құсу
– Жарыққа төзбеушілік
– Жоғары дене қызуы, тырысу
– Басты алға еңкейтудің қиынға соғуы
– Балаларда: әлсіздік, жылаңқылық, тамақ пен судан бас тарту, еңбектің ісініп шығуы

Қалай қорғануға болады?

– Қолды жиі жуып, тазалықты сақтаңыз
– Күмән тудыратын суда шомылмаңыз
– Иммунитетті күшейтіңіз
– Қауіп төнген жағдайда екпе салдырыңыз
– Алғашқы белгілер байқалса – бірден дәрігерге қаралыңыз!

Есіңізде болсын: менингит өте жылдам дамиды. Оны ерте анықтау мен дер кезінде емдеу – өміріңізді аман алып қалады.

Жазда менингиттен сақ болыңыз: қауіпті инфекцияны дер кезінде қалай байқауға болады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *