
Алматы қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында Медицина қызметкері күнін мерекелеуге арналған медициналық ұйымдар арасында шағын футболдан турнир өтті.
Байқауға Наурызбай ауданының медициналық ұйымдары: №1 қалалық клиникалық аурухана, №7 қалалық клиникалық аурухана, қалалық патологиялық-анатомиялық бюро, №26, №27, №36 қалалық емханалар қатысты.
Барлық командалар салмақты спорттық дайындықтарын көрсетіп, тамаша ойын көрсетті.
Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша №1 МКБ футбол командасы тартысты, әсерлі ойын көрсетіп, 3 орынға ие болды.
Әдемі және лайықты ойын көрсеткен командамызға РАХМЕТ және жүлделі орынмен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👍✊🏻
№1 ГКБ командасы футзалдан жүлделі орынға ие болды