2022 ж. 11.05 -12.05. күндері Алматы қаласының №1 ҚКА-да Медбикелер мен мейіргерлер күніне арналған іс-шаралар өтті.
Бұл күндері №1 аурухананың аумағы спорттық аренаға айналды. Орта медицина қызметкерлерінен құралған 3 топ
волейбол ойыны мен спартакиадада жарысты. Спорттық ойындардың ішінде: 1.Киіндіру және шешу; 2. Планка; 3. Қапта жүгіру -10 м.; 4. Эстафета; 5. Арқан тарту (бірдей балл жинаған екі топ арасында).
Спорттық көрініс жоғары деңгейде өткізілді, қатысушылар командалық, жарқын және жалынды ойын көрсетті. Іс-шараның тамаша форматы, ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастыру байқалды.
Ойын қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Денсаулық» командасы , 2 орынды «Экстрим» командасы және 3 орынды «Адреналин»командасы иеленді. Барлық топтар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Аурухана ұжымының өткізген уақыты өте қызықты және пайдалы болғаны үшін мереке ұйымдастырушылары — «Smart Health University City» № 1 ҚКБ Әкімшілігіне көп рахмет!
Спартакиаданың қатысушылары мен жеңімпаздарын№1 ҚКБ «Smart Health University City» Басқарма төрағасы Қалиев Эрнест Ахметбекұлы құттықтады. Өз сөзінде ол мұндай іс-шаралар ұжымдық ынтымақтастық үшін маңызды екенін және оң нәтижелер мен жаңа жеңістерге жету үшін ұжымда бәсекелестік рухын беретінін атап өтті, Ол өзінің ұжымына күнделікті жұмысы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ лайықты өткізілген бүгінгі мереке үшін барлығына алғыс айтып? мықты денсаулық пен материалдық игілік тіледі.
Мен өзімнің біздің ұжымның бір бөлігі болғаныма өте бақыттымын»