Іс-шараға: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ФМР бас штаттан тыс маманы Жанаспаева Г.А., Алматы қаласының бас штаттан тыс реабилитологы Сейданова А.Б., облыстардың медициналық оңалту бойынша бас мамандары және Алматы қаласының реабилитологтары қатысты. .
Smart Health University City» ЖШС басқарма төрағасы, Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қалиев Эрнест Ахметбекұлы құттықтау сөз сөйледі.
№1 қалалық клиникалық аурухананың нейрореабилитология бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының бас штаттан тыс реабилитологы Сейданова Әмина Бағдадқызы қаладағы қазіргі жағдай туралы ақпарат берді. Алматыда стационарлық және амбулаторлық жағдайларда ересектер мен балаларға медициналық оңалтуды қамтамасыз ететін барлығы 60-қа жуық медициналық ұйым бар. 2021 жылдың деректері бойынша 31 602 науқас оңалту емінен өткен.
Медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелері, кезеңдік және маршруттық мәселелер, кадр тапшылығы талқыланды. Қол жеткен жетістіктер атап өтіліп, оңалту қызметін жетілдіру жолындағы келесі қадамдар белгіленді.