Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Kомплаенс-офицері парақшасына қош келдіңіздер!
Комплаенс-офицер кәсіпорын қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ кәсіпорын ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету және кәсіпорынның ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады, сол арқылы барлық пациенттер, қызметкерлер арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етіледі.

Қызметтің міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
- заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ ішкі талдау жүргізу;
- заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- комплаенс бағыттарына бақылау жасау және қадағалау.
Егер Сіз Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, бұл туралы Комплаенс-офицерге төмендегі байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:
📞 Call-орталық: 8 700 217 53 21
👤 Комплаенс-офицер Шакманова Айгерим Болатовна: 8 702 413 13 89
Құпиялылық пен анонимдік толықтай кепілдендіріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Комплаенс офицер туралы Ереже
