
Бүгін Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханада 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында аурухананың 15 қызметкері – «AMANAT» партиясы Наурызбай аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хатты «AMANAT» партиясы Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Баймұрат Жамбылов табыстады.
Марапат иелеріне кәсібіне адалдығы, жауапкершілігі, ұжымдағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайтуға қосқан үлесі және ортақ мақсат жолындағы еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Бұл мереке – ел бірлігі мен татулықтың, ортақ құндылықтар мен өзара құрметтің айқын көрінісі. Осындай ынтымақтың арқасында біз бірлесе еңбек етіп, биік нәтижелерге жетіп келеміз.
Барша әріптестерімізді келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, толағай табыс, шаттық пен береке тілейміз!


