№1 қалалық клиникалық ауруханада Ашық есік күні өтті

2026 жылғы мамырдың 6-сында №1 ҚКА-да 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай, сондай-ақ қарттар, мүгедектігі бар адамдар, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтарға медициналық көмекті жақсартуға бағытталған Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал тобына қолжетімді әрі сапалы медициналық кеңес беру, созылмалы аурудың алдын алу және тұрғындардың денсаулығына көңіл бөлу мәдениетін арттыру.

Іс-шара аясында Алматы қаласының тұрғындары жетекші мамандардан тегін кеңес алып, медициналық көмекке жүгінді.

Қабылдауды еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары жүргізді.
Атап айтқанда:
– Курманова Гаухар Медеубаевна – гепатолог-гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі;
– Садыкова Шолпан Сауатбековна – гепатолог-гастроэнтеролог, инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі медицина кафедрасының меңгерушісі;
– Туруспекова Сауле Тлеубергеновна – невропатолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР бас неврологы;
– Зординова Карямет Ахметовна – пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Ресей медицина университеті ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі;
– Куанова Лариса Болатовна – невролог, медицина ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессоры;
– Рысбеков Ерсултан Ргалбекович – кардиолог, Қазақстан-Ресей медицина университеті ішкі аурулар кафедрасының доценті;
– Аканова Кульнар Газизовна – терапевт, кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі медицина кафедрасының доценті;
– Салимова Суюмбике Салимовна – пульмонолог, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор, ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының оқытушысы;
– Акпарова Альмира Юрьевна – аллерголог, медицина ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті;
– Тримова Гульжан Шакрафовна – ревматолог, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі медицина кафедрасының доценті;
– Молдабек Гулнар Конырбаевна – эндокринолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Ресей медицина университеті терапия курсының доценті;
– Митрохин Дмитрий Алексеевич – невролог, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының профессоры;
– Кузенбаева Динара Досмухамбетовна – гастроэнтеролог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі медицина кафедрасының қызметкері.

Ашық есік күні барысында түрлі ауруы бар 106 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Келушілер қатарында Наурызбай аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, зейнеткерлер, тыл еңбеккерлері және қала тұрғындары болды.

Осындай іс-шаралар №1 ҚКА-да 10 жылдан астам уақыт бойы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл тұрғындарға білікті мамандардан кеңес алып, тексеруден өтуге, әрі қарай ем алу және аурудың алдын алу бойынша ұсынымдар алуға мүмкіндік береді.

 

 

№1 қалалық клиникалық ауруханада Ашық есік күні өтті