Медбикелер үшін өткен шеберлік-сыныбы

Мамырдың 13-інде Алматы OҚКА базасында Халықаралық медбике күніне орай өткен «Медбике ісін дамыту: тәжірибе, инновация және ынтымақтастық» халықаралық конференциясы аясында жас мамандарға арналған шеберлік-сыныбы өтті.

Шара барысында қатысушылар коммуникация, эмпатия, командада жұмыс істеу және кәсіби күйзелістің алдын алу бағыттары бойынша білімін жетілдірді.

Іс-шара барысында №1 қалалық клиникалық аурухана қызметкері Ақерке Дүйсенғали үздік үштікке еніп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа белестер мен кәсіби табыс тілейміз!

Медбикелер үшін өткен шеберлік-сыныбы