Алматыда жоспарлы жалпы қалалық сейсмотренировка өткізілді.

Алматыда жоспарлы жалпы қалалық сейсмотренировка өткізілді.

Сағат 11:00-де қалалық дабыл беру жүйесі іске қосылып, сиреналар дыбысы естілді, теле-радио арналарда уақытша хабар тарату режимі енгізілді, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы тұрғындарға хабарламалар жіберілді.

№1 қалалық клиникалық ауруханада қызметкерлер төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін, эвакуация тәртібін және қауіпсіз аймаққа шығу ретін пысықтады.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

ТЖД тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, сигнал кезінде ресми ақпарат көзін тексеруге кеңес берді.

Қауіпсіздік – әр адамның ортақ жауапкершілігі!

 

Алматыда жоспарлы жалпы қалалық сейсмотренировка өткізілді.