Кинезиотерапия – инсульт пен жарақаттан кейінгі оңалтудың маңызды кезеңі

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының №2 нейрооңалту бөлімшесі

Инсульт пен ауыр жарақаттан кейін қалпына келу ең қарапайым, бірақ маңызды қимылдардан басталады.

Алдымен – тепе-теңдікті сақтауды үйрену.
Кейін – маманның көмегімен алғашқы қадам жасау.
Ал уақыт өте келе – өздігінен қозғалып, өз күшіне қайта сенім арту.

Біздің кинезиотерапевтер күн сайын пациенттерге жоғалтқан қимыл-қозғалыс дағдыларын біртіндеп қалпына келтіруге, дене белсендігін арттыруға және қалыпты өмірге бейімделуге көмектеседі. Әр жаттығудың артында үлкен еңбек, шыдам және адамды қайтадан өз бетінше өмір сүруге бейімдеу мақсаты тұр.

Кинезиотерапия – жай ғана жаттығу емес.
Бұл – қалпына келуге бастайтын маңызды жолдың бір бөлігі.

Кинезиотерапия – инсульт пен жарақаттан кейінгі оңалтудың маңызды кезеңі