
2026 жылғы 4 маусымда Қабылдау бөлімі мен Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің медицина қызметкерлері үшін «Эбола вирусы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және аса қауіпті инфекцияға күдікті науқас анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында Эбола вирусы мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ерекшеліктері, клиникалық белгілері, эпидемиологиялық анамнез жинау тәртібі, пациентті оқшаулау, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және инфекциялық бақылау талаптары қарастырылды.
Сонымен қатар медицина қызметкерлері аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайда жедел әрекет ету алгоритмін пысықтап, жеке қорғаныш құралдарын дұрыс кию және шешу бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.
Мұндай оқыту іс-шаралары медициналық ұйымның эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған.

