Алматы №1 ҚКА мамандары кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту шараларына тұрақты түрде қатысып келеді.

Аурухана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырған «СКАТ бағдарламасын стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың практикасына енгізу (базалық курс)» оқу бағдарламасына қатысып жатыр.

Оқу барысында микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану, антибиотиктерге төзімдіктің алдын алу, антимикробтық терапияны бақылау жүйесін енгізу, микробиологиялық зерттеулер жүргізу және антибиотикопрофилактика мәселелері қарастырылады.

Мұндай білім медициналық көмектің сапасын арттыруға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және дәрілік заттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 

Алматы №1 ҚКА мамандары кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту шараларына тұрақты түрде қатысып келеді.