Медицина қызметкері күні қарсаңында №1 ҚКА-да мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік жиын барысында қызметкерлер аурухана басшылығы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «SENIM» салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының атынан Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сыйақы мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мерекенің жарқын сәтінің бірі аурухана қызметкерлері арасында өткен КВН сайысы болды. Бес команда өзінің тапқырлығы, әзілге жақындығы мен ұйымшылдығын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Реабилитэйшн» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Терапевты смеха», үшінші орынды «Капельница любви» командалары иеленді. Ал «Пульмо Х» және «Консилиум мечты» командалары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыға мерекелік көңіл күй мен көтеріңкі атмосфера сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз!

Медицина қызметкері күні қарсаңында №1 ҚКА-да мерекелік іс-шара өтті.