
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара барысында №1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігер-гастроэнтерологы Ордаханова Манар Сқаққызына көпжылдық адал еңбегі мен денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін Алматы қаласы мәслихаты төрағасының Алғыс хаты табысталды.
Марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз!

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтады.
