
Алматы қаласы Республика сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қауымдастығының өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК директоры Бапаева Магрипа Каденовна Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасының бірі – «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Құрмет» ордені азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және өзге де салаларды дамытуға қосқан зор үлесі, сондай-ақ көпжылдық жемісті еңбегі үшін табысталады.
Бұл марапат Бапаева Магрипа Каденовнаның денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және кәсіби кадрларды даярлауға қосқан сүбелі үлесінің жоғары бағаланғанының айқын дәлелі.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК ұжымы Бапаева Магрипа Каденовнаны жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа жетістіктер тілейді!

