Офтальмология

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының көпбейінді хирургия бөлімшесінің құрамында офтальмологиялық төсек-орындар жұмыс істейді.

Мұнда пациенттер Госпитализациялау бюросы порталы арқылы берілген жолдама негізінде мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Мұнда келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
🔹 катарактаны хирургиялық емдеу;
🔹 глаукоманы хирургиялық емдеу;
🔹 амбулаториялық хирургиялық араласулар;
🔹 күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жағдайында ем алу;
🔹 көз ауруларын консервативті емдеу;
🔹 Госпитализациялау бюросы порталы арқылы Eylea препаратымен интравитреалдық инъекциялар жасау.

Кеңес алу және қабылдауға жазылу №1 ҚКА консультативтік-диагностикалық бөлімінде мына мекенжай бойынша жүргізіледі:
📍 Алматы қаласы, Қалқаман шағынауданы, Әшімов көшесі, 2А, №11 кабинет.

Байланыс телефондары:
📞 +7 777 234 06 34 – Ардак Есимович Каиров
📞 +7 747 431 67 19 – Саяжан Қайратбекқызы Жолымбек

Көру қабілетіңізді сақтауға және көз саулығын нығайтуға көмектесуге әрдайым дайынбыз!

WhatsApp Image 2026-06-09 at 21.19.54

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында тәжірибелі офтальмохирург Ардак Есимокич Каиров науқастарды қабылдап, мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Ардак Каиров – офтальмология саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті дәрігер. Ол Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында бастап, ғылыми қызметкерден глаукома және көздің тамыр патологиясы бөлімшесінің меңгерушісіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.

Дәрігер ұзақ жылдар бойы клиникалық, ғылыми және хирургиялық қызметті қатар атқарып, Алматы қаласының жетекші медициналық ұйымдарында еңбек етті. Түрлі кезеңде офтальмохирург және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ардак Есимович – медицина ғылымдарының кандидаты. 2026 жылдың сәуір айында оған Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры ғылыми атағы берілді.

Маман катаракта мен глаукоманы хирургиялық жолмен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген. Сонымен қатар қабаққа жасалатын ота түрлерін және окулопластикалық хирургия бағытындағы күрделі оталарды орындайды.

2026 жылдың ақпан айынан бастап Ардак Каиров №1 қалалық клиникалық ауруханада қызмет атқарып, көру ағзалары ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерін тәжірибеге енгізуге және пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуге үлес қосып келеді.

Офтальмология