
Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» тазалық шарасын өткізді.
Аурухана қызметкерлері аумақты абаттандыру және санитариялық тазалықты сақтау мақсатында ғимарат маңын ретке келтіріп, көгалдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын тазалады.
Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосады.




«Таза Қазақстан» науқаны аясындағы кезекті «Таза бейсенбі»
