
Маусымның 26-сында Алматы №1 ҚКА торакалдық хирургтері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, Ашық есік күні аясында тұрғындарға мамандандырылған консультациялық көмек көрсетті.
Қабылдауды:
* жоғары санатты торакалдық хирург Бердалиев Талгат Сагаталиевич;
* екінші санатты торакалдық хирург Абдуалиев Даурен Багланович жүргізді.
Көшпелі қабылдау Шу аудандық орталық ауруханасында, Төле би ауылдық дәрігерлік амбулаториясында және Меркі аудандық орталық ауруханасында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 35 пациент қаралды. Барлығына қажетті дәрігерлік ұсыным берілді. Хирургиялық ем қажет ететін пациенттер жоспарлы түрде стационарлық емге және ота жасауға жолданды.
Мұндай көшпелі консультациялар өңір тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімдігін арттырып, дер кезінде тексеруден өтуге, ауруды ерте анықтауға және қажетті емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді.
Алматы №1 ҚКА өңірлермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, тұрғындарға сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жұмысын жалғастыра береді.



