Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында кезекті сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аурухана ұжымы кезекті сенбілікке қатысып, аумақты абаттандыру және санитариялық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қызметкерлер ғимарат айналасын ретке келтіріп, жаяу жүргінші жолдары мен жасыл аймақты тазалады.

Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға жанашырлықты арттырып, қаламыздың көркеюіне үлес қосады.

 

 

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында кезекті сенбілік өтті