
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың атынан Республика күніне орай №1 қалалық клиникалық ауруханасының Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Ибраева Сәуле Рахымғалиқызы «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Марапатты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов табыстады.
Денсаулық сақтау саласында 23 жылдық еңбек өтілі бар Сәуле Рахымғалиқызы бұған дейін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Бүгінгі марапат – оның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби еңбегінің лайықты бағасы.
№1 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы Сәуле Рахымғалиқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды!
Деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосып жүрген үлесіңіз арта берсін!

