Неврологиядан тыс: ересектердегі гипофосфатазия – пәнаралық медицинаның маңызы

16.10.2026 ж. Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында «Ересектердегі гипофосфатазия: клиникалық көріністен диагностикаға дейін» тақырыбында білім беру дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараны С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы №1 қалалық клиникалық аурухананың қолдауымен ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неврологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Туруспекова Сауле Тлеубергеновна жүргізді.

Қатысушылар сирек кездесетін тұқым қуалайтын гипофосфатазия ауруының клиникалық белгілерін, диагностикалау тәсілдерін және сілтілік фосфатаза белсендігінің тұрақты төмендеуінің маңызын талқылады. Сондай-ақ ауруды ерте анықтау мен әр түрлі бейіндегі мамандардың өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасында ересектерге көрсетілетін неврологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында өтті.

Ерте диагностика – клиникалық қырағылықтан, ал тиімді көмек мамандардың бірлескен жұмысынан басталады.

Неврологиядан тыс: ересектердегі гипофосфатазия – пәнаралық медицинаның маңызы