
№1 ҚКА Альцгеймер ауруы және деменцияның басқа түрімен өмір сүріп жатқан науқастардың туыстары мен жақындарын тегін дөңгелек үстелге шақырады!
Деменциямен ауыратын адамға күтім жасау – үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар білімді, шыдамдылықты, түсіністікті және эмоционалды күшті қажет ететін күнделікті еңбек.
Кездесуде келесі маңызды сұрақтар талқыланады:
* Деменциямен ауыратын адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?
* Мінез-құлық өзгерістеріне, ашуланшақтыққа және басқа да қиындыққа қалай әрекет ету керек?
* Үй жағдайында қауіпсіз және жайлы күтімді қалай ұйымдастыруға болады?
* Туыстарға эмоционалдық жүктемемен қалай күресуге және өз денсаулығына қалай қарауға болады?
* Көмек пен қолдауды қайдан іздеу керек?
Спикер: Нуржанова Роза Балтабаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Күні: 11.11.2026 жыл
Уақыты: 11:00-13:00
Мекенжайы: №1 қалалық клиникалық ауруханасы, Алматы
Өткізілу тілі: қазақ тілі
Қатысу тегін!
Алдын ала тіркелу міндетті: +7 702 359 22 40
Сіз жалғыз емессіз! Келіңіздер, мамандарға сұрақтар қойыңыздар, тәжірибе алмасыңыздар және практикалық ұсыныстар алыңыздар.
