Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы тағы бір қуанышты жаңалықты бөліседі!

Аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Байжигитова Назипа Бегалиевна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атынан «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл – денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық кәсіби қызметі мен медицина саласындағы адал еңбегіне берілген жоғары баға.

Марапатты салтанатты түрде аурухана директоры Бапаева Магрипа Каденовна табыс етті.

Назипа Бегалиевнаны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Мықты денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс тілейміз! Мәртебеңіз биіктеп, абыройыңыз арта берсін!

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы тағы бір қуанышты жаңалықты бөліседі!