Алматының 2 000-нан астам медицина қызметкері жыл соңына дейін біліктіліктерін арттыра алады Бірлескен отырыста Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы тармақтарын орындау мәселесі қаралды Жыл соңына дейін екі мыңнан астам медицина қызметкері біліктілігін арттырады. Бұл туралы Ұлт денсаулығы мәселелері және партия жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік кеңестердің бірлескен отырысы барысында қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бірлескен отырыста Nur Otan партиясының Денсаулық сақтау жөніндегі сайлауалды бағдарламасының Жол картасының тармақтарын орындау мәселесі қаралды. Басқарманың мәліметінше, жол картасының тармақтарын орындау аясында 2021 жылдың 9 айында біліктілікті арттырудың 212 циклі мен семинар-тренингтер өткізілді, 2432 маман оқытылды, бұл коронавирус пандемиясы кезеңінде өте маңызды. Сонымен қатар, өз баяндамасында С.Сұлтанғазиева 2024 жылға дейін шамамен 19 медициналық нысан мен 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланғанын атап өтті. Қалада пандемия кезінде үш инфекциялық аурухана салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, №6 қалалық емхана мен Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерді күрделі жөндеу және сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары толық аяқталды. Шағын ауданда отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу Кемел жылдың соңына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта «Қарағайлы» шағын ауданында 500 адам қабылдайтын және «Жас-Қанат
Алматының 2 000-нан астам медицина қызметкері жыл соңына дейін біліктіліктерін арттыра алады