1984 жылдан бастап 21 қыркүйекте Альцгеймер ауруы халықаралық ұйымының (Alzheimers Disease Inteational — ADI) бастамасымен әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік Альцгеймер күнін (World Alzheimer’s Day) атап өтеді. Бұл күні Альцгеймер ауруы және оның отбасыға әсері туралы хабардар болу халықаралық науқаны жүреді.
2024 жылғы қыркүйектің 21-інде Алматы қаласы №1 қалалық клиникалық ауруханасында 55 жастан асқан адамдар үшін Еске алу және миға қамқорлық күніне арналған маңызды әрі шабыттандыратын ақпараттық-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар — Alzheimer’s Disease Inteational (ADI) және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының неврологтар қауымдастығы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жүйке аурулары кафедрасы, профессор Г.И.Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасы, Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасы (№1 ҚКА).
Іс-шараға қатысушылар — Альцгеймер ауруы туралы ақпараттануды мақсат еткен тұрғындар мен медицина саласының мамандары №1 ҚКА мәжіліс залына жиналды.
Дүниежүзілік Альцгеймерге қарсы күрес күні — бүкіл әлемдегі ұйымдар Альцгеймер ауруы мен деменция туралы хабардарлықты арттыру үшін күш біріктіретін күн. Көпшілігіміз деменциямен ауыратын отбасы мүшесіне қамқорлық жасаймыз, деменциямен ауыратын адамды танимыз не болашақты ойлаймыз. Көбімізді мүмкін деменцияның басталуын болдырмау немесе кешіктіру үшін не істей аламыз деген сұрақ мазалайды. Қазір көптеген адам ата-анасы не жақын туыстарында есте сақтау қабілетінің жоғалуы және кәрілік деменцияның болу мүмкіндігіне алаңдайды. Саясатта да, өнерде де кем ақылдыққа шалдыққан атақты қайраткерлер туралы естіп жатамыз. 2050 жылға қарай әлемде 150 миллионнан астам адам деменциядан зардап шегеді.
Іс-шараға 240-тан астам адам қатысты, соның ішінде деменциямен ауыратын жақындарының қамқоршылары, қамқор әлеуметтік қызметкерлер және білікті медицина қызметкерлері де бар. Хабардар ету күнін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Л.М. Ақтаева ашты, ол ақыл-есі кем науқастардың дәрігерге уақтылы қол жеткізуі мен ерте диагностиканың маңызын атап өтті, Г.И. Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Б Джарбусынова мен №1 ҚКА нейрореабилитация бөлімшесінің меңгерушісі, ҚДСБ бас штаттан тыс маманы, физикалық медицина және реабилитация кафедрасының ассистенті А.Б. Сейданова да баяндама жасады. Іс-шараны ресми түрде бастау Alzheimer’s Disease Inteational (ADI) бас директоры Paola Barbarino-ның қатысуымен өтті, ол деменциямен ауыратын адамдарға және олардың отбасыларына көмектесетін қор туралы маңызды ақпаратты бөлісті.
Маңызды ақпараттық сессия аясында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас неврологы С.Т. Туруспекова және жүйке аурулары кафедрасының доценті Р.Т. Цой (PhD) Альцгеймер ауруы дегеніміз не және қауіп пен қорғаныш факторлары қандай?» деген тақырыпта қызықты дәріс оқыды, сонымен қатар мамандар үшін деменция бойынша пайдалы курстар туралы және Ресейдегі Незабудка» Альцгеймер кафе желісінің табысты жұмыс тәжірибе сі туралы Альцрус» қорының президенті А. Щеткина айтпақшы берді.
Іс-шара барысында келесі практикалық шеберлік сабақтары өткізілді:
Когнитивтік функцияларды және есте сақтауды қолдау бойынша мастер-класс ; Г.И. Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасының доценті Ж.Д. Калиева;
Туыстарға арналған стресті басқару бойынша мастер-класс ; Г.И. Зальцман атындағы психиатрия және наркология қауымдастырылған профессоры Л.Ю. Беспалова;
Науқастарды күту бойынша шеберлік сыныбы ; №1 ҚКА нейрореабилитация бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы ҚДСБ штаттан тыс бас маманы, дене медицинасы және реабилитация кафедрасының ассистенті А.Б. Сейданова және №1 ҚКА нейрореабилитация бөлімінің аға медбикесі Ш.И. Мұқатова, когнитивті бұзылысы бар науқастарға күтім жасау ерекшеліктеріне тоқталып, залда қызығушылық пен пікірталас тудырған өз тәжірибесінен алынған клиникалық жағдайларды бөлісті.
Барлық бейін дәрігерлері — невролог, психиатр, отбасылық дәрігер, психолог, логопед, реабилитологтар арасындағы бейінаралық өзара іс-қимылдың мәні зор. Бастапқы кезеңде асқынуды болдырмау, сол арқылы тәуелсіздікті сақтап қалу және пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға тырысу үшін науқас және оның жақындарының назарын осы мәселеге аудару маңызды. Деменцияға қатысты ақпараттың болмауы дереу әрекет етуді талап ететін мәселе болып қала береді. Өйткені адамдардың көпшілігі бұл ауруды қартаюдың қалыпты бөлігі ретінде қабылдап қателеседі.
Іс-шараның қорытынды бөлігінде амбулаторлық бөлім өкілдерінің отбасыны қолдау туралы шабыттандыратын сөзі, өзекті мәселелерді талқылау және қатысушылар арасындағы бейресми әңгімелесу орын алды.
Бұл іс-шара деменция туралы хабардарлықты арттыру, осы аурумен өмір сүретін адамдарға және олардың қамқор отбасына қолдау көрсетудегі маңызды және пайдалы қадам болды.