
Алматы қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында Медицина қызметкері күнін мерекелеуге арналған медициналық ұйымдар арасында шағын футболдан турнир өтті.Байқауға Наурызбай ауданының медициналық ұйымдары: №1 қалалық клиникалық аурухана, №7 қалалық клиникалық аурухана, қалалық патологиялық-анатомиялық бюро, №26, №27, №36 қалалық емханалар қатысты.Барлық командалар салмақты спорттық дайындықтарын көрсетіп, тамаша ойын көрсетті.Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша №1 МКБ футбол командасы тартысты, әсерлі ойын көрсетіп, 3 орынға ие болды.Әдемі және лайықты ойын көрсеткен командамызға РАХМЕТ және жүлделі орынмен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👍
Футзалдан №1 ГКБ командасы жүлделі орынға ие болды⚽️