№1 ҚКА-да ӨСОА мәселелері бойынша қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті

19 қарашада Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен (ӨСОА) күрес күніне орай қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен №1 ҚКА бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция барысында мамандар ӨСОА-ны ерте диагностикалау, заманауи зерттеу әдістері, емдеу мен алдын алудың өзекті мәселелерін талқылап, ғылыми және клиникалық тәжірибесін бөлісті.

Жиынның ашылуында аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Н.Б.Байжигитова мен хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары С.Ж.Жанбырбаев құттықтау сөз сөйледі. Конференцияны ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Суюмбике Салимова жүргізді.

Мұндай кәсіби кездесулер медициналық білімді жетілдіруге, заманауи ғылыми жетістіктерді клиникалық тәжірибеге енгізуге және тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ерте диагностика – аурудың алдын алу мен тиімді емдеудің маңызды қадамы!

№1 ҚКА-да ӨСОА мәселелері бойынша қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті