
Алматы №1 ҚКА мамандары Шалқар радиосында
№1 қалалық клиникалық ауруханасының мамандары Шалқар радиосының «Бүгінгі сөз» бағдарламасына қатысып, «Өкпенің адам ағзасындағы рөлі» тақырыбында сұхбат берді.
Бағдарлама барысында пульмонолог дәрігер Ақжарқын Халыққызы өкпенің ағзадағы маңызды қызметтері мен тыныс алу жүйесінің саулығын сақтау жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Ал медбике Толқын Какенқызы күнделікті өмірде өкпені қорғау және алдын алу шаралары жайында пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Бағдарламаны Гүлбану Алпамысқызы жүргізді.
Тыныс алу жүйесінің саулығы – әр адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Өз денсаулығыңызға ұқыпты қараңыз!
Толығырақ сілтеме бойынша көре аласыз


Алматы №1 ҚКА мамандары Шалқар радиосында
