RU KZ EN

2022 ж. 11.05 -12.05. күндері Алматы қаласының №1 ҚКА-да Медбикелер мен мейіргерлер күніне арналған іс-шаралар өтті.

img

2022 ж. 11.05 -12.05. күндері Алматы қаласының №1 ҚКА-да Медбикелер мен мейіргерлер күніне арналған іс-шаралар өтті.

Бұл күндері №1 аурухананың аумағы спорттық аренаға айналды. Орта медицина қызметкерлерінен құралған 3 топ

 волейбол ойыны мен спартакиадада жарысты. Спорттық ойындардың ішінде: 1.Киіндіру және шешу; 2. Планка; 3. Қапта жүгіру -10 м.; 4. Эстафета; 5. Арқан тарту (бірдей балл жинаған екі топ арасында).

 

Спорттық көрініс жоғары деңгейде өткізілді, қатысушылар командалық, жарқын және жалынды ойын көрсетті. Іс-шараның тамаша форматы, ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастыру байқалды.

Ойын қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынды "Денсаулық" командасы , 2 орынды "Экстрим" командасы және 3 орынды "Адреналин"командасы иеленді. Барлық топтар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

Аурухана ұжымының өткізген уақыты өте қызықты және пайдалы болғаны үшін мереке ұйымдастырушылары - "Smart Health University City" № 1 ҚКБ Әкімшілігіне көп рахмет!

 

Спартакиаданың қатысушылары мен жеңімпаздарын№1 ҚКБ "Smart Health University City" Басқарма төрағасы Қалиев Эрнест Ахметбекұлы құттықтады. Өз сөзінде ол мұндай іс-шаралар ұжымдық ынтымақтастық үшін маңызды екенін және оң нәтижелер мен жаңа жеңістерге жету үшін ұжымда бәсекелестік рухын беретінін атап өтті, Ол өзінің ұжымына күнделікті жұмысы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ лайықты өткізілген бүгінгі мереке үшін барлығына алғыс айтып? мықты денсаулық пен материалдық игілік тіледі.

«Мен өзімнің біздің ұжымның  бір бөлігі болғаныма өте бақыттымын», - деп қорытындылады Эрнест Ахметбекұлы. Сонымен қатар, бүгін №1 ҚКБ үздік медбикелері мен медбраттарын құрмет грамоталарымен марапаттады.