RU KZ EN

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы

img

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында "Smart Health University City" ЖШС Алматы қ. № 1 ҚКА сенімгерлік басқарушысы көп балалы отбасылардан шыққан қызметкерлердің балалары үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

 

 Мектеп қоңырауы қайта соғылатын 1 қыркүйекке дейін санаулы күндер қалды. Осы жылы "Smart Health University City" ЖШС басшылығы Алматы қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасының сенімгерлік басқарушысы көп балалы отбасылардан шыққан қызметкерлердің балалары үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 

"Бірінші сыныпқа бірінші рет" баратын балаларға ең жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды. Салтанатты жағдайда балаларға ішіне кеңсе заттары салынған мектеп сөмкелері - сурет салуға арналған альбомдар, түрлі-түсті қағаз жиынтықтары, қаламдар, фломастерлер, қарындаштар, ермексаз, мектеп пеналдары табыс етілді. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.