RU KZ EN

Қазақстан мен Армения covid-19 вакцинациясының паспорттарын өзара мойындады

img

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой армян әріптесі Анаит Аванесянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Армения Қазақстанда вакцинация паспорты танылған 17-ші мемлекетке айналды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында министрліктердің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакцинация паспорттарын өзара тану туралы жариялады.

"ҚР аумағында келесі елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациясының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан - Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы", - делінген елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында....

Бұдан басқа, сапар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақта өндірісі 2024 жылға дейін қамтамасыз етілуге тиіс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс – шаралар жоспары талқыланды.

Бұған дейін Қазақстан Тунис, Перу және Сербияның вакцинация паспорттарын мойындаған болатын. Тиісті қаулыға дүйсенбі, 15 қараша күні республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды. Елдердің жаңартылған тізімі жаңа қаулыға қосымшада....
Толығырақ: https://kursiv.kz/news/medicina/2021-11/kazakhstan-i-armeniya-vzaimno-priznali-pasporta-vakcinacii-ot-covid-19
Көшіру тек сілтеме кезінде ғана мүмкін Kursiv.kz. Барлық құқықтар қорғалған.