RU KZ EN

Футзалдан №1 ГКБ командасы жүлделі орынға ие болды⚽️

img

Алматы қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында Медицина қызметкері күнін мерекелеуге арналған медициналық ұйымдар арасында шағын футболдан турнир өтті. Байқауға Наурызбай ауданының медициналық ұйымдары: №1 қалалық клиникалық аурухана, №7 қалалық клиникалық аурухана, қалалық патологиялық-анатомиялық бюро, №26, №27, №36 қалалық емханалар қатысты. Барлық командалар салмақты спорттық дайындықтарын көрсетіп, тамаша ойын көрсетті. Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша №1 МКБ футбол командасы тартысты, әсерлі ойын көрсетіп, 3 орынға ие болды. Әдемі және лайықты ойын көрсеткен командамызға РАХМЕТ және жүлделі орынмен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👍