RU KZ EN

№1 ҚКА медицина қызметкерлерінің ревакцинациямен қамтылуы 100 пайызды құрады

img

Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының медицина директорының эпидемиологиялық қызмет жөніндегі орынбасары Ауғалиева Эльмира Әшімқызының айтуынша
№1 қалалық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлерінің ревакцинациямен қамтылуы 100 пайызды құрады.

Коронавирустық инфекцияның пайда болуы және алдын алу мен таралуын болдырмау мақсатында Алматы қаласы №1 қалалық клиникалық аурухананың 400-ден астам қызметкері QazVac, Sputnik-Light, Vero Cell, Pfizer вакциналарымен егілді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасында халықты COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау туралы» № 49 Жарлығын орындау мақсатында бүгінгі күні №1 қалалық клиникалық аурухананың 445 қызметкері ревакцинацияға жатады оның 417- сі егілді. Қалған 28 қызметкер қайта вакцинациялауға мерзімі толмағандар.