RU KZ EN

Клиника туралы айдар

img


🔹Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы

1983 жылдың 21 желтоқсанынан бері пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келе жатқанына 35 жылдан асты.  Алғашында аурухана санаториялық – профилактикалық бағытта қызмет көрсеткен, сондықтан әр бөлімшеде жеке жуынатын бөлме мен душ кабинкаларымен жабдықталған жайлы палаталар бар.

🔹Заманауи көпсалалы емдік – профилактикалық ұйым шұғыл және жоспарлы стационар, кеңестік – диагностикалық медициналық көмекті тек қана Алматы қаласы тұрғындарына ғана емес, Қазақстанның барлық аудандарындағы тұрғындарына бірдей қызмет көрсетеді.

🔹Мұнда, сондай-ақ,  арнайы мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және сондай-ақ ақылы қызметтер түрінде  сауықтыру қызметін көрсетеді.

🔹Аурухананың әр бөлімшесі С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің түрлі кафедраларының мамандарымен бірлесе жұмыстар атқарып, диагностика және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеп, оны сәтті іске асыруда.

🔹Аурухананың бірегейлігі тек қана жер асты минералды суларымен және балшық емінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан бойынша тегін қызмет көрсететін бөлімшелерімен де маңызды мәнге ие, олар: аллергология бөлімшесі, пульмонология, нейросауықтыру және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне медициналық көмек көрсететін көпсалалы терапия бөлімшесімен қаладағы жалғыз мекеме болып табылады.

🔹Аурухананың құрылуынан бері жинақталған тәжірибеге сай, заманауи сапалы жабдықтармен және мамандарымыздың көпсалалығы мен жеке қасиеттері үшін бір рет келген пациенттер қажеттілік жағдайда қайта келеді.

🔹Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы аурулар диагностикасы мен едеу және алдын алуда үнемі жаңа тиімді әдістер ойлап тауып, енгізіп отырады. Осы мақсатта аурухана дәрігерлері Ресей Федерациясы мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің алдыңғы деген клиникаларында оқу – тәжірибеден өтті.

🔹Көп талап етілетін неврология бөлімшесі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін медициналық және қызмет көрсету үшін жасақтаған. Клиникалық – диагностикалық орталықтың медициналық жабдықтары кең көлемде қызмет көрсетуге, заманауи талаптарға жауап беретін диагностиканың нақтылығына мүмкіндік береді.

🔹Аурухана ұжымы қала қонақтары мен тұрғындарға сапалы, жан-жақты және уақытылы медициналық көмек беруге әрқашан дайын әрі ынталы. Әр пациенттің  заманауи жабдықтармен тек жоғары сапалы медициналық көмек алғаны ғана емес ауруханада жайлы жағдайда жоғарғы қызмет алуы біз үшін өте маңызды.

🔹ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 07 шілдедегі №360 –VI "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексін, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480", Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №3/326 "Covid-19 коронавирусының таралуын болдырмау және (немесе) covid-19 коронавирусымен ауыратын науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық емес ұйымдардың тізбесін айқындау туралы" қаулысымен,  қазіргі таңда Алматы қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Covid-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді емдеу үшін инфекциялық стационар түрі бойынша жұмыс істейді.