RU KZ EN

ШАМАМЕН 16 МЛН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚТАНДЫРЫЛУ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ

img


15,9 млн қазақстандық – медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары. 3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған.
Жазда, 42500 төлем кезеңінде жеке тұлғалардан БЖТ төлемдерінің күрт өсуі байқалды, осы үрдісті сақтай отырып, МӘМС жүйесімен әлеуетті қамту 92% жетуі мүмкін. Халықты МӘМС жүйесіне қосу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру маңызды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында ӘМСҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

Қор басшысының айтуынша, өңірлер әкімдіктері «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарды тарта отырып, облыстық штабтардың тиімділігін арттыруы керек. Әсіресе, халықтың медсақтандыруда қатысушылары 80%-дан төмен болған Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктеріне ерекше назар аудару қажет.