RU KZ EN

ДДҰ вакциналаудың әлемдік шығындарын есептеді

img

ДДҰ вакциналаудың әлемдік шығындарын есептеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы әлемдегі ересек тұрғындардың көпшілігін коронавирусқа егуі үшін 35-тен 45 миллиард долларға дейін қаражат қажет етіледі

Бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Ол осы жылы халықаралық серіктестікті 19 миллиард долларға қаржыландыру қажет екенін еске салды. Бұл қаражат коронавирустық препараттарға және АСИ-Accelerator диагностикалық құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жұмсалады.

 

"Біздің бағалауымыз бойынша, келесі жылы әлемдегі ересектердің көпшілігін вакциналау үшін, бізге тағы 35-45 миллиард доллар қажет болады", - деді Гебрейесус.

Ұйымның мәліметінше, әлемде барлығы 1 045 850 203 вакцина дозасы енгізілген. Сонымен бірге, Covax бағдарламасы бойынша табысы төмен және орташа 121 ел 50 миллионға жуық вакцина алды.