RU KZ EN

COVID-19-дан вакциналау

img

COVID-19-дан вакциналау

Біз COVID-19 вакциналау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз. 🦠

⠀❓Өзіңді және айналадағыларды қалай қорғауға болады.

⠀Ең жақсы қорғаныс — вакциналау.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау басталғанын атап өтті.

"Бірінші кезеңде Ресейлік "Спутник V" вакцинасы сатып алынды. Рекордтық қысқа мерзімде Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында "Спутник V" вакцинасы өндірісін оқшаулау жүзеге асырылды.

 

Бұрын хабарланғандай, "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға әкелініп, өңірлерге таратылатын болады!

⠀ Инфекцияның алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау керек:

▪️адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу; байланыстарды қысқарту; маска кию; құрамында кемінде 70% спирт бар антисептиктерді пайдалану; қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолды жуу және олардың бетіне қол тигізбеу; смартфондарды спирттік майлықтармен сүрту, көкөністер мен жемістерді ыстық сумен жуу.

⠀ Инфекция қаупін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, ақуыздарға, дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды жеу және толық ұйқы туралы ұмытпау ұсынылады 😴

⠀❓Егуді қайда жасауға болады.

⠀Егу жасауға болатын мекемелердің тізімін сайттан анықтауға болады!

⠀❓Егуге кім жазыла алады.

⠀Вакциналаудан медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар өтуі мүмкін.

⠀Басым тәртіппен вакциналауға азаматтардың келесі санаттары жатады:

• 60 жастан асқан адамдар;

• Әлеуметтік сала қызметкерлері және көп адаммен жұмыс істейтін басқа тұлғалар;

• созылмалы аурулары бар адамдар.

⠀❓Вакцина тиімді ме.

⠀Вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастырады. Вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық дәлелденген 👌

⠀❓Вакциналауға қандай көрсетпелер бар.

⠀Вакцинацию следует пройти всем людям старше 18 лет, не имеющих противопоказаний. Это позволит снизить риск заражения.

⠀❓Вакциналауға қатысты қандай қарсы көрсетілімдер бар.

⠀▪️ вакцинаның қандай да бір компонентіне немесе құрамында осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаға аса жоғары сезімталдық;

▪️ анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар;

▪️ жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар;

▪️ созылмалы аурулардың өршуі. Вакциналау сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 апталан кейін жүргізіледі;

▪️жүктілік және емшек емізу кезеңі;

▪️жасы 18-ге толмаған.