RU KZ EN

Сіздердің назарларыңызға "біздің бөлімшелермен танысу" айдарының жалғасы.

img

Пульмонология-бұл тыныс алу жүйесінің ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын-алумен айналысатын медицина саласы. Өкпе, бронхтар, трахея және плевра бұзылыстары болған жағдайда пульмонологпен кеңесу қажет болуы мүмкін. Әдетте, төменгі тыныс жолы ауру белгілерімен пациенттер алдымен терапевтке, ал бала ауырған жағдайда педиатрға жүгінеді. Алайда, жоспарлы ем жүргізілгеннен кейін күтілген нәтиже болмаса немесе асқынулар пайда болса, пульмонологтың көмегі қажет болады.

🔹Бөлім тарихы:
пульмонология бөлімшесі 01.01.2007 жылдан бастап 40 орынға мамандандырылған Алматы қаласы № 1 Қалалық клиникалық ауруханасында ашылған.

🔹Емдеу / диагностиканың негізгі бағыттары:
бронх-өкпе жүйесінің бронхообструктивті, қабыну, инфекциялық, интерстициальды аурулары.

🔹Негізгі қызметтер: консультативті көмек, диагностикалық және емдік іс-шаралар, бронх-өкпе жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау.

🔹Бөлімшенің приоритетті бағыттары
- Бронхобструктивті ауруларының диагностикасы: бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, индивидуальды терапияны және бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарда емдеудің заманауи схемаларын таңдау;
- Сирек кездесетін ауруларды диагностикалау және емдеу (саркоидоз, фиброздаушы альвеолит, өкпедегі диссеминирленген процестер);
- Қала мен облыстың амбулаториялық және стационарлық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсету.

🔹Кәсіби мүмкіндіктер:
соңғы жылдары пульмонология бөлімше жұмысына бірқатар жаңа әдістер енгізілді:
- ӨСОА, пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу кезінде қадамдық антибактерияға терапияны енгізу;
- GINA (the Global Initiative For Asthma) жұмыс тобы қабылдаған жаңа жіктемеге сәйкес, ҚР ДСМ бекіткен 2018 жылғы қайта қаралған хаттамаға сәйкес БА бар науқастарды жүргізу;
- ӨСОА және бронх демікпесі бар науқастарды емдеу кезінде глюкокортикостероидтардың небулизацияланған формасын пайдалану және осы ауруларды сатылы емдеу тәсілін қолдану;
- тыныс алу функциясының бұзылуымен жүретін жіті аллергоз кезінде емдеудің эфферентті әдістерін одан әрі енгізу;
- төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуге, оның ішінде медициналық эвакуациялауға қатысуға дайындық;
- тыныс алу ағзаларының ауыр патологиясы бар науқастарда пульсоксиметрия мониторингін жүргізу;
- іс-тәжірибеге компьютерлік томографияны енгізу арқылы тыныс алу органдар патологиясын сәулелік диагностикалау мүмкіндіктерін арттыру
және басқа.

🔹Бөлімшеге келесі патологиясы бар пациенттер жатқызылады:
абсцестеуші пневмония
эксудативті плевритпен асқынған пневмония
өкпе поликистозы
бронхоэктатикалық ауру
өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
ауыр формалы бронх демікпесі
жедел бронхит, трахеобронхит
ауруханадан тыс пневмония, оның ішінде ауыр ағымдағы пневмония
өкпе саркоидозы
өкпенің интерстициальді аурулары, өкпелі грануломатоз
этиологиясы анықталмаған плеврит
өкпе артериясының эмболиясы
анықталмаған диагнозы бар өкпе патологиясының клиникалық көріністері бар бірақта диагнозы нақтыланбаған науқастар.

🔹Негізгі емдік медициналық қызметтер:
дәстүрлі емдеу әдістерімен қатар (бұлшықеттік және көктамыр ішіне дәрі-дәрмектер, физиоемдеу) қолданылады:
* бронх демікпесі және ӨСОА бар науқастарды емдеудегі небулайзерлік терапия;
* санациялық бронхоскопия;
* өкпенің іріңді аурулары кезінде дәрілік заттарды эндотрахеальді енгізу мақсатында микротрахеостомия;
* плевралық пункциялар.

🔹Бронх демікпесі бар науқастарда, қанның УФС және плазмаферезі қанның гравитациялық хирургия бөлімшесінде жүргізіледі.

🔹Бөлімшеге түсетін пациенттерге мынадай диагностикалық және емдік іс-шаралар жүргізілуі мүмкін:
- кеуде қуысының шолу рентгенограммалары
- бронхологиялық тексеру
- кең спектрлі антибиотиктерді енгізумен плевралық пункциялар
- спирография
- плазмаферез, қанның УФО
- - бронхолитиктері бар ингаляциялар
- физиоемдеу, ЕДШ
- гипербариялық оксигенация
- бронх-өкпе аурулары бар науқастарға консультациялық көмек
- бронхоскопия жолымен алынған жуындыларды флораға және цитологияларға тексеру
- сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу;
- бронхопровокациялық сынамалар, оның ішінде дене жүктемесімен;
- тәуліктік пикфлоуметрия;
- эхокардиография;
- небулайзерлік терапия;
- оттегі терапия;

🔹Пульмонология бөлімі рентгенологиялық, торакальды хирургия және эндоскопиялық бөліммен тығыз байланыста. Көрсетілімдер болған кезде пациенттерге кеуде қуыс ағзаларының компьютерлік томографиясы, ангиопульмонография, бронхоскопия жүргізіледі. Күрделі жағдайларда, өкпе ткані немесе лимфа түйіндерінің гистологиялық диагнозын верификациялау мақсатында, видеоторакоскопиялық биопсия жасау үшін торакальді хирургтермэын шақыру арқылы мульидисциплинарлы принцип қолданылады.

🔹Қаладағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін ковидпен сырқаттанған пациенттерді емдеуде тәжірибе бар.
Дәрігерлер жұқпалы аурулар мен коронавирустық науқастарды емдеу бойынша біліктілігін арттырды.

🔹Ғылыми іс-шаралар:
бөлім дәрігерлері бронхопульмональды патологияны емдеу және диагностикалау мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияларға үнемі қатысады.Бөлімше базасында үнемі С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ резиденттері мен интерндеріне теориялық және практикалық сабақтары өткізіледі және оларды клиника-диагностикалық процеске қатыстырады.

🔹2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін пульмонологиялық бөлімшені аллерголог-дәрігер, жоғары санатты пульмонолог Жанаев Алмас Жаңабайұлы басқарады. Бөлімше ҚазҰМУ Ғылыми орталығының клиникалық базасы болып табылады, пациенттерді профессор Құрманова Гаухар Медеубайқызы курация жасайды.
🔹Пульмонология бөлімшесінің алғашқы жұмыс күндерінен бастап жоғары квалификацияланған пульмонолог дәрігерлер жұмыс жасауда: Зейтказиева Салтанат Мукановна, Нигматова Диана Солтановна, аға медбике Алиева Салтанат Серікбаевна қиын экстремалды жағдайларда жұмыс істеу қабілетін бірнеше рет дәлелдеген. Бөлімшеде 22 жоғары білікті тәжірибелі медбике жұмыс істейді.
🔹Жыл сайын интерндер мен резидент пульмонологтар оқудан өтеді. Таңдаған мамандығына деген шынайы сүйіспеншілік, мейірімділік, шыдамдылық, адалдық пен кәсібилік пульмонология бөлімі қызметкерлерінің ең маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Бөлімшенің көптеген қызметкерлері алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған.