Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын халық саны 20 миллионға жетуімен құттықтады.
Осындай айтулы оқиғамен жерлестерімді құттықтаймын! Бақытты отбасы &ndash, ұлт игілігі мен елдің тұрақты дамуының іргетасы. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайту, ана мен баланы қорғау бойынша жұмысты жалғастырады, — деп жазды Тоқаев өз парақшасында.
2023 жылдың 14 қарашасында таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген бес бала елдің 20 миллионыншы халқы болды деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Қазақстанның мерейтойлы азаматтары Ұлытау мен Жетісу өңірлерінде, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың арасында үш ұл, екі қыз бала бар.
Smart health university city ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген Алматы денсаулық сақтау басқармасының №1 Қалалық клиникалық аурухана ШЖҚ жанындағы МКК-ның перзентхана бөлімінде 4 нәресте дүниеге келді, оның 2-і ұл және 2-і қыз бала.
Медициналық директор Назипа Бигалиқызы Байжигитова мен босану қызметінің меңгерушісі Вячеслав Иванович Пак №1 Қалалық клиникалық аурухананың ұжымы атынан Қазақстан Республикасының 20 миллионыншы тұрғынының туған күніне орай босанған аналар мен олардың жаңа туған сәбилерін салтанатты түрде құттықтады.