Пандемия жылы

Пандемия жылы: Алматыда коронавируспен қалай күресті? Коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуы еліміздің Алматы сияқты ірі мегаполисінде медициналық көмек көрсетудің жалпы тәсілдерін қайта қарауға мәжбүр етті. Пандемия басталғаннан бері қоғамдық денсаулық саласында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша қандай міндеттер орындалды және қалада дағдарысқа қарсы қандай шаралар қабылданды, ҚазАқпарат»ХАА тілшісі осы жағдайды анықтауға тырысты. Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту үшін 2020 жылы Алматыда жергілікті бюджет қаражатынан 43,1 млрд теңге бөлінді. Денсаулық сақтау жүйесін барлық деңгейде бейімдеу қажеттілігі туындады. Бұл-жедел медициналық жәрдем станциясы (ЖМЖС), бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем (БМСЖ) және стационарлар. Ауруханаға жатқызудың негізгі реттеушісі жедел медициналық жәрдем қызметі болды, жедел жәрдем жұмысының алгоритмі жетілдірілді, өйткені пандемия шыңында қоңыраулар саны тәулігіне 8000-ға дейін өсті. БМСЖ деңгейінде 298 мобильді бригада құрылды.

«

Пандемия жылы