🔹№1 ҚКА Алматы қаласы бойынша Ұлы отан соғысының ардагерлерін жане оларға теңестірілген,еңбек майданының ардагерлерін, ЧернобльАЭС -те болғандар, Семей полигонынан зардап шеккендерді емдейтін бірден бір бөлімше жұмыс істейді.
🔹Бұл бөлімшенің науқастары барлық зертханалардың заманауи түрлерімен жане функционалды диагностикамен, кеңес берудің кең көлемді түрлерімен қамтамасыз етілген.Бөлімше дәрігерлері емделушілердің ұлғайған жас мөлшерлерін ескере отырып емдеудің жаңа технологиясын енгізуде.
🔹Терапия бөлімшесі клиника ашылған жылдан бастап, 1983 жылдан жұмыс жасайды. Бөлімшеде 23 төсек орын терапияға және ҰОА, 10 төсек гастроэнтерологияға арналған. Стационарлы, көп профилді жеңілдік контингенті бар терапиялық бөлімшеде: мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек фронтының қатысушысы, Семей полигонының қатысушысы, Ауған соғысының ардагері , совет одағының ардагері , Чернобль атом электрстанциясының, Ұлы Отан Соғысының Ардагерлерінің жетім-жесірлері, күміс алқа» және алтын алқа» иелері және гастроэнтерологиялық ауруы бар науқастарды портал арқылы госпитализациялау.
🔹Бұл бөлімше шұғыл жане жоспарлы түрде терапиялық көмек көрсетеді:
1. ИЖА (Ишемиялық жүрек ауруы, күштемелі стенокардия, инфарктан кейінгі кардиосклероз, созылмалы жүрек жетіспеушілігі ).
2. Артериялдық гипертония.
3. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, ауруханадан тыс пневмония.
4. Темір жетіспеушілік анемиясы, В12 тапшылық анемиясы. 5. Бауыр цирозы . Гастроэнтерологиялық нозология: бауыр цирозы, созылмалы панкреатит, гепатит. Спецификалық емес жаралы колит.
🔹2012 жылдан бастап бөлімшені жоғары санатты дәрігер, көп жылдық жұмыс өтілі бар, 1991жылдан бастап егде жастағы пациенттермен жұмыс тәжірибесі бар Байжигитова Назипа Бегалиевна басқарады.
🔹Ординаторлар: Ордаханова Манар Скаковна, Жанкисиева Света Бердибековна. Науқастарға күтімді білікті орта және кіші медициналық персонал жүзеге асырады.
🔹Бөлімшенің пациенттері зертханалық және функционалдық диагностиканың барлық заманауи түрлерімен, ҚазҰМУ гепатология курсы бар №1 ішкі аурулар кафедрасының кеңестік көмегінің кең спектрімен қамтамасыз етілген. Науқастардың осы санатын емдеу үшін бөлімше дәрігерлері кафедра мамандарымен бірлесіп пациенттердің егде жасын, қосалқы аурулардың болуын ескере отырып, терапияның жаңа әдістерін енгізуде.
🔹Бөлімшені жабдықтау:
қатты және жұмсақ құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 төсектік бөлмелер, әр бөлмеде теледидар, тоңазытқыш, жұмсақ төсек, дәретханалар, шкафтар, шақыру түймесі, оттегімен қамтамасыз ету, дәліз бойында тұтқалар бар.Барлық тексерулер мен қызметтер үшін пациенттер медициналық персоналдың сүйемелдеуімен мүгедектер арбасында тасымалданады.