Таза қала – әрқайсымыздан басталады

Бүгін Алматыда өткен жалпы қалалық сенбілікке №1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы да белсене қатысты.

Ұжым қызметкерлері клиника аумағын және оған іргелес аумақты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарына атсалысты. Аумақ тазаланып, көгалдар мен гүлдерге күтім жасалды. Әр қызметкер ортақ іске өз үлесін қосты.

Денсаулыққа қамқорлық жасау – тек медициналық көмек көрсетумен шектелмейді. Біз жұмыс істейтін, емделушілеріміз келетін ортаның таза әрі жайлы болуы да маңызды.

Сенбілікке қатысып, туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Ал бірлесе атқарған іс әрдайым нәтижелі.

Таза қала – әрқайсымыздан басталады