
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған «Медициналық көмек флагманы – 2026» байқауының Алматы қаласы бойынша қорытындысы шығарылды.
Нәтижесінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК үздік тәулік бойы жұмыс істейтін стационар ретінде Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанды.
Байқау барысында медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы, пациенттердің жүгіну динамикасы, қаржылық тәртібі, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмысы, Пациенттерді қолдау қызметінің тиімдігі және Qalqan ақпараттық жүйесіне қатысуы бағаланды.
Бұл марапат – аурухана ұжымының күнделікті еңбегіне, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімдігін арттыруға бағытталған жұмысына берілген жоғары баға.
Бұл – бүкіл ұжымның ортақ жетістігі!
Алдағы уақытта да басты мақсатымыз – пациентке сапалы медициналық көмек көрсетіп, сенімін ақтау.

