
Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында «Анафилаксия кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің заманауи тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға пульмонолог, терапевт, реаниматолог және аллерголог мамандар қатысты.
Оқыту барысында анафилаксияны диагностикалау және шұғыл көмек көрсету алгоритмдері, халықаралық ұсынымдар, сондай-ақ мамандардың өзара іс-қимылының маңыздылығы талқыланды.
Семинарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Құрманова Гаухар Медеубаевна өткізді.
Мұндай оқыту семинарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге және шұғыл медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

№1 ҚКА-да анафилаксия кезіндегі шұғыл көмек көрсету бойынша оқыту семинары өтті
