
15.10.2026 ж. Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында Қарттар айлығы аясында ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – егде жастағы адамдарға, мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық көмектің қолжетімдігі мен сапасын арттыру.
Пациенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және ҚРМУ профессор-оқытушылар құрамы кеңес берді.
Қабылдауға 11 маман қатысты:
Г.М. Курманова – м.ғ.д. профессор;
Ш.С. Садыкова – м.ғ.к;
С.Т. Туруспекова – м.ғ.д., профессор, ҚР бас неврологы;
К.А. Зординова – м.ғ.д, профессор;
Л.Б. Куанова – м.ғ.д., профессор;
Е.Р. Рысбеков – доцент;
К.Г. Аканова – м.ғ.к., доцент;
С.С. Салимова – м.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор;
А.Ю. Акпарова – м.ғ.к., доцент;
Г.Ш. Тримова – PhD, доцент;
Г.К. Молдабек – м.ғ.к., доцент.
Ашық есік күні аясында барлығы 101 пациент мамандардың кеңесін алды.
Осындай іс-шара медициналық көмектің қолжетімдігін арттырып, аурудың алдын алуға және аға буын өкілдерінің денсаулығын сақтауға бағытталған.
Қарттарға қамқорлық – қоғамның ортақ міндеті!

